Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

60 жастағы қазақстандық тегін электр технологиясын құрастырып шықты

60 жастағы Марат Исекеев өзінің тегін электрлендіру технологиясын ұсынуға дайын. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161221135234

“Мен және біздің ұжымның шешімі бойынша, егер біздің мемлекет біздің технология негізінде ауылдық жерлерде жел станцияларын орнататын болса біз бұған ақы сұрамас едік. Авторлық қаламақыдан да бас тартамыз. Бірақ, барлық тұтынушылар үшін емес, тек ауыл тұрғындары мен көпбалалы отбасылар үшін ғана. егер технологияға ірі мұнай компаниялары қызығушылық танытып жатса, неге тегін бермеске”, – дейді Марат Исекеев.

Техника ғылымдарының кандидаты республикалық “Болашақ энергиясы” сайысында жеңімпаз атанды. Ол жобаны “Көпдеңгейлі көпқатарлы роторлық түрдегі жел станциясы” деп атауды ұсынған. Жел станциясы өкпек жел эффектісін пайдаланатындықтан, құрылым өз аналогына қарағанда 30-50 пайызға электр энергиясын көбірек өндіреді. Ғалым болашақта “электр энергиясы” үшін төлем мүлде жасалынбаса деп армандайды. Енді оның жұмысы “ЭКСПО-2017” көрмесінде таныстырылмақ.

“Мен қазір Қапшағайда тәжірибелі құрылым жасадым. Біздің үй стандартты – еденнен төбеге дейін үш метр. Мен үш метрлік қалақ орнатамын, ол секундына 10 киловатт өндіре алады. Өкпек жел эффектісі. Былай қарасаң қарапайым. Егер сіз бір бөлмедегі терезені, келесі бөлмедегі терезені де ашып тастасаңыз, жел шығатын жол іздеп екінші терезеден шығады. Міне, дәл осы эффекті арқылы технология жүзеге асады”, – дейді ол.

Исекеевтің сөзінше, бұл жобаны жүзеге асыру көп қаражатты да талап етпейді.

“Жел станциясындағы әр секцияның күштілігі жел жылдамдығына байланысты. Тек санап қанша секция қою керектігін есептеу қажет. Бірақ, ол үйдің тұрғындары бір рет ғана төлем жасайды, шамамен бастапқыда бір жол 100 доллар төлеп, сосын өмір бойы электр энергиясын тегін тұтына алады. “Сименс” жел станциясының өзіндік құны 1 киловатт сағатқа 1,5 мың долларды құрайды, біздің орнатуымыз 450 доллар. Бір ғимаратта 100 киловатт өндіру үшін 10 секция орнату керек. Сонда жалпы сомасы 4500 доллар керек болады”, – деді Марат Исекеев.


Оқи отырыңыз:

Тойда етегі ашылып бөксесі көріне билеген бойжеткен елдің ызасын келтірді (видео)

Алматылықтар алаңға қойылған шыршаны көріп таңғалды (фото)

Марқұм ұлының еміне жиналған 7 млн теңгені анасы өзге науқастарға таратып берді

Қайырымды жандардың арқасында атыраулық науқас қызға шетелде ота жасалды

Талқылау