Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

60 жасында 25-тегі жігіттей көрінетін сингапурлық модельдің сымбаты әлемді таңғалдыруын тоқтатар емес

60 жастағы сингапурлық модельдің сымбаты әлемді таңғалдырдыФото: instagram.com/chuando_chuandoandfrey

Сингапурлік модель Чуандо Танның сымбаты әлемді таңғалдыруын тоқтатар емес. Фотограф әрі бұрынғы поп-әнші 60 жасында 30-дан енді асқан адамдай көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Чуандо Тан 1967 жылы Сингапурда дүниеге келген. 1980-жылдары ол манекенші және фотомодель ретінде мансабын бастаса, 1990-жылдары поп-әнші ретінде де өзін сынап көрген. Алайда оның нағыз табысы суретке түсірумен айналысқанда келді.

2017 жылы Instagram-ға өз суреттерін жариялағаннан кейін Чуандо күтпеген жерден әлемдік сенсацияға айналды.

Қолданушылар таңғалып, “50-ден асқан адам қалайша 20–30 жастағыдай көрінуі мүмкін?” деген сыңайдағы сұрақтарды жаудырды. Содан бері оның парақшасы миллионнан астам жазылушы жинады. Ал Тан салауатты өмір салтының символына және көпшілікке шабыт беретін тұлғаға айналды.

Чуандо Танның сөзінше, оның жастығының құпиясы – тәртіпте.

Ол дұрыс тамақтану өте маңызды деп санайды, сондықтан ол үнемі жұмыртқа жейді (алайда холестеринді бақылау үшін сарыуызын күніне екіден асырмайды). Сондай-ақ балық, тауық еті, авокадо және жаңа піскен жидектерді жиі тұтынады.

Модель тәтті мен зиян тағамдардан бас тартқан, бірақ кейде өзіне ванильді балмұздақ немесе Сингапурда танымал экзотикалық жеміс – дурианды тұтынады. Тан көп су ішеді, сондай-ақ ұйықтардан 5–6 сағат бұрын тамақ ішпейді.

Жаттығулар

Чуандо спортпен айналысуға ерекше мән береді, бірақ өзін шамадан тыс қинамайды. Аптасына 3-4 рет спортзалға барып, 1–1,5 сағат күш жаттығулары мен кардионы үйлестіреді. Күн сайын бір сағат жүзеді – бұл бұлшықет тонусын сақтауға және буын саулығына пайдалы.

Сапалы ұйқы – Чуандоның жас күйде қалуының негізгі тіректерінің бірі. Ол 23:00-ден кешікпей ұйықтап, 7–8 сағат тынығады.

Тері күтімі

Тан күрделі косметикалық құралдарды қолданбайды, тек ылғалдандырғыш крем және күннен қорғайтын, SPF көрсеткіші жоғары (кемінде 60) құрал пайдаланады. Бұл теріні ультракүлгін сәуледен қорғап, ерте қартаюдың алдын алады.

Сүйікті іс және психикалық саулық

Чуандоның айтуынша, бақыт пен өмірге қанағаттану сыртқы келбетке тікелей әсер етеді. Ол өз жолын фотограф саласынан тауып, одан қуат алады әрі адамдармен араласуға мүмкіндік табады. Тан жағымсыз эмоциялардан қашып, жан тыныштығын сақтау үшін ұйқы алдында медитация жасайды.

Чуандо темекі тартпайды және алкоголь ішпейді. Бұл ағзаға түсетін салмақты азайтып, қартаю үдерісін баяулатады. Ол генетика мен Сингапурдың қолайлы климаты да әсер етуі мүмкін екенін мойындады, бірақ тәртіп болмаса, оның бәрі көмектеспейтінін айтқан.

Генетика ма әлде өмір салты ма?

Көпшілікті “Чуандоның құпиясы генетикада емес пе?” деген сұрақ қызықтырады. Шынында, азиялық тері коллагеннің жоғары болуына және күн сәулесінен қартаюға бейімділіктің төмендігіне байланысты баяуырақ қартаяды. Дегенмен Тан жастығының құпиясы – өз-өзімен тұрақты жұмыс істеудің нәтижесі екенін айтады. Оның сөзінше, генетика жақсы болса да, 58 жаста 30-дағыдай көріну дұрыс өмір салтынсыз мүмкін емес.

Айта кетейік, бұған дейін TikTok жұлдызы жасанды интеллект арқылы егізін жасауға келісім беріп, 1 миллиард доллар табыс тапқаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026 13:43