Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

6 айдан астам комада жатқан Ербаян Мұхтардың ісі: Министр сарбаздың жағдайын баяндады

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әскери борышын өтеп жүріп басынан жарақат алған әскери қызметкер Ербаян Мұхтардың жағдайын баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Коллаж Stan.kz

Министрдің айтуынша, Ербаян Мұхтардың жағдайы әлі де ауыр.

"Біз науқастың жағдайын қадағалап отырмыз. Егер қандай да бір көмек қажет болса, жәрдем беруге дайынбыз. Тағы да тексеріп, қадағалайсыз. Егер қарайтын қосымша кадрлар қажет болса, қамтамасыз етеміз", – деді Әлназарова.

Журналистер министр Әлназаровадан, ауруханадан шыққаннан кейін Ербаянға қажет көмек, жеке гигиеналық құралдар не себепті берілмегенін сұрады.



"Жаялықпен қамтамасыз ету мәселелері негізінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады", – деді Әлназарова.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында әскери бөлімде жарақат алып, алты ай бойы комада жатқан сарбаздың анасы әділдік талап еткені туралы жазған едік. Содан кейін бас әскери прокуратура Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты мәлімдеме жасады. Жақында оның ауруханадан шығарылғаны айтылды. 

Сондай-ақ сарбаздың ата-анасы Ербаянға өз бетімен қарауға мәжбүр болып, қазақстандықтар зардап шеккен азаматтың емделуіне 218 миллион теңге жинап берген еді. 

Талқылау