6 алтын және 1 күміс: Қазақстан таеквондодан өткен халықаралық жарыста топ жарды
Қазақстан таэквондодан өткен халықаралық жарыста топтық есеп бойынша бірінші орынды иеленді. Жарыс Пәкістанның Исламад қаласында өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2021 COAS Pakistan Open Taekwondo Championships" жарысында G-1 класы бойынша қазақстандық таэквондошылар 6 алтын және 1 күміс медаль жеңді.
Қазақстандық таеквондошы қатарынан екі халықаралық жарыста алтын жеңіп алды
46 келіге дейінгі салмақта Айдана Еділбаева, 49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауыржанқызы, 62 келіге дейінгі салмақта Жадыра Хайруллина, 67 келіге дейінгі салмақта Нұрай Хусайнова, 73 келіге дейінгі салмақта Жансель Дениз және 73 келіден жоғары салмақта Айгүл Елубай чемпион атанды. 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Диана Абсенова күміс медаль алды.
Айта кетейік, бұған дейін мектеп оқушысы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді. Жас таэквондошы 40 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”