Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"59 мыңға жеке билет сатып алдым": Мақпал Жүнісова домбыраны бортқа кіргізбеген әуе компаниясына шүйлікті

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова ұшақта домбырасы үшін жеке орын сатып алуға мәжбүрлеген әуе компаниясына ренжіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иесі мемлекет басшысына үндеу жасады. 

“Құрметті, Қасым-Жомарт аға Тоқаев! Аэропортты сатсаңыздар сатқан боларсыздар, бірақ қазақтың домбырасын сонша қорлауға жол бермеңіз! Мүмкін сіз хабардар емес шығарсыз, біздің өтінішімізге құлақ асыңыз! Жүк салғышқа өткіз дейді. Ана жолы Тоқтар Серіктің домбырасын сындырған. Сол кезде де ешкім жауап берген жоқ. 59 мыңға қасымнан орын алып, бортқа домбырамды кіргіздім. Абай жеріне келіп алып, ұлттық аспапты қорлауға тап болдық. Семейдің әкімін танымаймын, бір ауыз сөз айтайын деп ойлаған едім”, – деп жазды халық әртісі. 



Еске салайық, әнші наурыз айында Қостанайға гастролддік сапар кезінде домбырасын жеке көлікпен жібермекші болып еді. 

“Домбырамды өткізбеді. Бір домбыра үшін Қостанайға көлік жалдап отырмыз. Айтарға сөзім жоқ. Төрт қыз әуе компаниясының заңы солай деп көнбей қойды. Өмір бойы домбырамен ұшып жүрдік. Жүксалғыштың жоғарғы жағына сыятын. Таң атпай жүйкемді құртып отыр. Ақшамды да алмай тұр. Қостанайға өзіміз барып алып, 5 сағат бойы домбыраның келгенін күтеміз”, – деген болатын әнші. 

 

Талқылау