59 гол: Киллиан Мбаппе атақты Криштиану Роналдудың рекордын қайталады

Ла Лиганың 17-туры аясында "Реал Мадрид" өз алаңында "Севильяны" қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған матчта алаң иелері алғашқы минуттардан бастап ойын тізгінін өз қолына алды.
Алғашқы таймның соңғы минуттарында Радриго орындаған бұрыштама нәтижелі болып, Джуд Беллингем баспен гол соғып есеп ашты.
Екінші таймда "Севилья" ойыншылары Радригоға қарсы ереже бұзып, төреші пенальти белгіледі. Он бір метрлік айып добын Киллиан Мбаппе сәтті орындап, есепті 2:0-ге жеткізді. Осылайша француз шабуылшысы маусымдағы 59-голын соғып, атақты Криштиану Роналдудың рекордын қайталады. Мбаппе бұл голын Роналдудың стилінде атап өтті.
Әлеуметтік желіде Киллиан Мбаппенің жазбасына Криштиану Роналдудың өзі пікір қалдырып, оны құттықтады.
Нәтижесінде қос команда арасындағы тартыс 2:0 есебімен "Реал Мадридтің" пайдасына аяқталды.
Қазіргі таңда Киллиан Мбаппе Ла Лигадағы үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр. Сонымен қатар ол осы маусымда "Реал Мадрид" сапында сұрмерген атағына да ие болып үлгерді.
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді

