Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

58 жастағы ер адам донор болып, 4 науқастың өмірін сақтап қалды

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда 58 жастағы азамат донор болып, төрт науқастың өмірін сақтап қалды. Көп ағзалық донорлық операция Алматыда 4-клиникалық аурухана базасында жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ми өлімі анықталған донор 1967 жылы туған ер адам. Оның отбасының келісімін алған соң ота жасалып, жүрек, бауыр және екі бүйрек алынды.

Ер адамның жүрені 1967 жылы туған науқасқа қондырылды. Ота Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жасалды. Ал бауыры 1967 жылы туған пациентке трансплантатталып, операция А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында іске асырылды. Азаматтың оң бүйрегі 2006 жылы туған реципиентке салынды. Ал сол бүйрек 1990 жылы туған пациентке берілді.


63 жастағы қазақстандық донор болып, алты адамның өмірін сақтап қалды


Әйел ағзасын донорлыққа алуға бірер минут қалғанда комадан шығып, есін жинаған


Өмірден өткен қазақстандық донор болып, үш адамның өмірін аман алып қалды


Қазір ел бойынша күту парағында 4521 пациент, оның ішінде 106 бала тұр екен. 2025 жылдың алғашқы 10 айында ғана өлім салдарынан тізімнен 272 адам шығарылған.

2025 жылдың 12 айында қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан тек 14 донорлық процесс жүргізілді. Оның барысында өмірлік маңызды ағзаларды 60 трансплантаттау жүзеге асырылды.

“Әрбір донорлық жағдай - бұл дәрігерлердің, үйлестірушілердің, зертханалардың, санавиацияның және процеске бірнеше минут ішінде енгізілетін барлық қызметтердің үлкен бірлескен жұмысының нәтижесі. Бірақ бастысы донор болу отбасының шешімі. Олардың батылдығының арқасында бүгінде өз мүмкіндіктерін жылдар бойы күткен адамдар өмір сүріп жатыр”, – деді Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Сейтқазинов.

Айта кетейік, бұған дейін Көз жұмған қазақстандық бірден бес науқас адамға донор болғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 05 Желтоқсан, 2025 14:41