Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

560 теңгеден жоғары: Қазақстандық сарапшылар доллар бағамына болжам жасады

доллар бағамы өседіФото: freepik.com

Қазақстандық сарапшылар теңге бағамы мен инфляцияға қатысты болжамдарын айтты. Олардың сөзінше, доллар орта есеппен 562,5 теңгеге дейін қымбаттайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

22 тамыздағы ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда доллар бағамы 537,75 теңге болды. Бір күн ішінде ұлттық валюта 0,58 теңгеге нығайған. Алайда алдағы уақытта теңге айтарлықтай әлсіреуі мүмкін. Мұны Қазақстан Ұлттық банкінің қаржы сарапшылары арасында жүргізілген макроэкономикалық сауалнамадан көруге болады. 

Доллар бағамының болжамы 

– 2025 жылы доллардың орташа бағамы 522,8 теңге деңгейінде болмақ;

– 2026 жылы ол 541,5 теңгеге дейін өседі;

– 2027 жылы орташа бағам 562,5 теңгеге жетуі мүмкін.

Негізгі себептер

Теңгеге әсер ететін факторлар қатарында:

– мұнай бағасының салыстырмалы түрде "тұрақты", бірақ төмен болуы;

– экспорт көлемінің азаюы және импорттың артуы;

– бұрынғы болжамға қарағанда инфляцияның жоғары болуы.

Инфляция болжамы

Бұған дейін сарапшылар 2025 жылдың соңына дейін инфляция 11%-ға төмендейді деп еді. Алайда қазір бұл көрсеткіш жоғарылады:

– 2025 жылдың желтоқсанында инфляция – 11,3% болуы мүмкін;

– 2026 жылғы болжам – 9%-дан 9,5%-ға көтеріледі;

– 2027 жылы біршама жеңілдеп, болжам 7%-дан 6,5%-ға төмендейді.

Ұлттық банк мәліметінше, экономикалық болжамда әлі нақты емес. Сонымен қатар, бұл тек сарапшылардың субъективті пікірі. Сондықтан оны инвестициялық кеңес ретінде қабылдауға болмайды.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 22 Тамыз, 2025 17:18
Талқылау