"555 күн өтті...": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады
Қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевқа арнап жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отбасылық мұрағаттан алынған кадрлар мен тележүргізушінің әсерлі сөздері көпшіліктің жүрегін елжіретті.
“555 күн өтті… Бүгін мерекелік кешкі ас ішіп, балалармен серуендеуіміз әбден мүмкін еді ғой. Жүректе сол бір "әттеген-ай". Қолдауың бізге жетпей жүр”, – деп жазды ол.
Ләйлә Сұлтанқызының оқырмандары мен өнердегі әріптестері Қайрат Беркінбаевтың жақсы, жүзі жылы азамат болғанын жазып, басу айтты.
“Қайрекеңнің жаны жәннатта шалқысын. Саған деген махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын… Нағыз аззамат еді”, “Қандай жақсы адам болғаны жүзінен көрініп тұр”, “Алла сабыр берсін! Өшпейтін өкініш”, “Күндер өте береді. Тірі адам тіршілігін жасайды. Ұлдарың, анашың, бауырларың аман болсын”, – деп жұбатты тілекші жандар.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті