Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

54 жылдан кейін адамзат Айға ұшты: Ғарышкерлер Жер серігін толық айналып шығады

54 жыл үзілістен кейін адамзат Айға ұшты: Америка ғарышқа аттанатын үш ғарышкерді атадыФото: Видеодан скрин

NASA араға 54 жыл уақыт салып алғаш рет Айға ғарышкерлерді аттандырды. Зымыран Канаверал мүйісі ғарыш айлағынан ұшырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғарышкерлер Айға қонбайды. Artemis II бағдарламасына сәйкес, төрт астронавт Айды айналып ұшып, он күннен кейін Жерге қайта оралады.

АҚШ президенті Дональд Трамп 50 жылдан астам үзілістен кейін Американың Айды қайта бағындыратынын айтты. Ғарышкерлер бүгін Астана уақытымен 04:24-де ғарышқа аттанды.

“Artemis II – адамзат жасаған ең қуатты зымырандардың бірі, ол біздің батыл астронавттарымызды бұрын-соңды адам бармаған ғарышқа аттандырады. Біз ғарышта да, Жерде де және оның ішінде барлық салада: экономикада, әскери бағытта және енді жұлдыздардан тыс кеңістікте де алдамыз. Бізге ешкім тең келмейді! Америка тек бәсекелесіп жатқан жоқ, біз үстемдік етудеміз және бүкіл әлем соған куә болды”, – деп жазды Дональд Трамп.

Axios басылым бұл миссияның бірнеше ондаған жыл бұрынғы Apollo 8 және Apollo 10 сияқты Айға қону алдындағы пилотты “жалпы дайындық” екенін және бірнеше маңызды ғарыштық жетістіктерге жол ашатынын жазды.



Сондай-ақ басылымның мәліметінше, NASA астронавттары Виктор Гловер мен Кристина Кох Жерден ғарышқа ұшқан алғашқы ақ нәсілі емес адам және алғашқы әйел болды. Ал канадалық Джереми Хансен – Айға ұшқан америкалық емес бірінші адам.

2028 жылы астронавттарды Айға қондыру жоспарланып отыр. Ал кейін тұрақты түрде экспедициялар жіберу арқылы NASA онда тұрақты база салуды көздейді.

NASA ғарышкердердің Айға аттанар алдындағы соңғы сағаттарда тікелей трансляция жүргізді. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 02 Сәуір, 2026 08:56