Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

53 млн теңгеден астам: Павлодарда балабақша есепшісі мен шаруашылық меңгерушісі қаражат жымқырған

Павлодарда балабақша есепшісі мен шаруашылық меңгерушісі бірнеше жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Сот оларды 7 жылға бас бостандығынан айырды. Балабақша есепшісі мен шаруашылық меңгеруші 53 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.

"Есепші мұнымен тоқтамай, осыған ұқсас қылмыстық схеманы пайдаланып, 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың мамыры аралығында "Павлодар қаласының № 7 бөбекжай-бақшасы" МҚКК-ның бухгалтері болып қызмет атқарып, жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Сондай-ақ, Аққулы ауданындағы "Қызғалдақ" бөбекжай-бақшасында қашықтан бухгалтер болып жұмыс істей жүріп, 2023 жылдың желтоқсаны мен 2024 жылдың мамыры аралығында жалпы сомасы 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын қолды қылған", – делінген Павлодар қаласы № 2 сотының хабарламасында. 


100 мың доллар пара алған Петропавл зауытының бұрынғы басшылары сотталды


Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды — кінәсін толық мойындауды, шын жүректен өкінуді, келтірілген зиянды ішінара өтеуді, А-ның бес жас баласының болуын ескере отырып, әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Сондай-ақ А-ны мемлекеттік ұйымдарда 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан, ал Ж-ны 5 жыл мерзімге мемлекеттік ұйымдарда қаржылық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау