Ұлттық банк төрағасы доллар бағамына орай "500 деген жай сан" деп айтқан орынбасарын жақтап шықты
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов өз орынбасарының доллар бағамының 500-ке жетуін жай ғана сан деп атаған сөзіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ұлттық банк
Сүлейменов Ұлттық банктегі брифингте орынбасары туралы баяндап берді.
"Менің ойымша, бұл жерде оның бүкіл саналы өмірінде Ұлттық банкте жұмыс істеп келгенін түсіну керек. Сонымен қатар ол тек зерттеу блогында жұмыс істейді. Яғни ол модельдер мен есептеулерді қарастырады. Ол үшін Ұлттық банктің қызметкері ретінде триллиондар, миллиардтар – шынымен де қарапайым сан. Ол қарапайым адам. Сенімді түрде айта аламын, ол да дүкенге, базарға барып жүрген отбасы адамы. Тутушкин өзін Ұлттық банктің өкілі ретінде кәсіби тұрғыдан көрсетті", – деді төраға.
-
"1 доллар 600 теңгеге жетуі керек": Экономистер доллардың өсуі Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты
Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк өкілі 500 деген санға тірелудің керегі жоқ екенін, оның жай сан екенін жеткізген еді.