Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"500 мың теңге тоқтамай түсіп жатыр": Гүлзира Айдарбекова алаяқтардан сақтануға шақырды

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың алаяқтарға тап болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі оқырмандарын сақтануға шақырды. 

“Қайраттың жеке парақшасындағы көрсетілген нөмері көмекшісінікі еді. Соған 500 мың теңгеден тоқтамай ақша түсіп, қайтарып үлгермей жатыр. Алаяқтар ойын ойнатып, ақша салдырып, нөмерден шатасып жатқан сияқты. Өзіміздің парақшадан көрмей, алданып ақша салмаңыздар. Қайрат елден ақша жинатпайды”, – деп жазды Гүлзира. 



Еске салайық, қазақстандық ата-ана жазылып кеткен баласының еміне 4 жыл бойы ақша жинап, қаржыны шопинг пен құмар ойынға жұмсағанын жазған едік.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Оның мәліметінше, Дәулет пен Толқын Тотақановтар ауыр диагноз қойылған ұлдары Алтаирге ота жасау үшін қаражат жинаған. Емге қажет 50 миллион теңге баланың Instagram парақшасы арқылы жиналған. Алайда ата-анасы жарнамаға ақша салып, белсенді түрде қаражат жинауды жалғастыра берген. Нәтижесінде төрт жыл ішінде олар 350 мыңнан астам адамның көмегімен 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат жинаған.

Журналистің айтуынша, нақты емделуге шамамен 6 миллион теңге ғана жұмсалған, ал қалған қаражат жеке қажеттіліктерге – жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға, шетелге саяхаттауға және құмар ойындарға кеткен.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 30 Шілде, 2025 17:18
Талқылау
`