50 мыңнан астам қазақстандық баспана кезегі тізімінен шығарылды
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов Қазақстанда баспана алу үшін кезекте тұрғандарды түгендеу қалай жүргізілгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: orenburzhie.ru
Оның айтуынша, бұған дейін тұрғын үй алу кезегін жаңарту жылына бір рет жүргізілетін.
“Бұл басымдық, тізім және тұрғын үймен қамтамасыз ету тақырыбына қатысты көптеген сұрақтар туғызды. Қазіргі уақытта, тұрғын үй саясатын реформалау аясында тізімдердің тоқсанда бір рет, яғни жылына төрт рет жаңартылуын қамтамасыз еттік. Бұл жұмысты "Отбасы банк" жүзеге асырады. Бізде 650 мың кезекте тұрған адам санаттары бойынша бөлінген. Көптеген өңірлерде үй кезегінде тұрған немесе басқа өңірлерге көшіп, тіркелмеген 50 мыңға жуық адам болғандықтан, бұл адамдар тізімнен шығарылды”, – деді Қажкенов.
Сондай-ақ ол бос орындарды келесі кезекте тұрғандар алғанын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін "Отбасы банкі" кейбір депозиттер бойынша мемлекеттік сыйақыны алып тастайтыны туралы жазған едік.