Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 жігітке сатамыз деп қорқытқан: Алматыда бойжеткен 3-қабаттан секіріп кеткен

Алматыда бойжеткенге жеті қыз жабылып қорлық көрсетіп, бір жігіт оны зорламақ болған. Полиция істі тергеуден бас тартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға туралы Немолчи қоры хабарлады. Дина Таңсәрі қорлыққа ұшыраған қызға қатысты әділдік сұрайды. Оның сөзінше полиция бұл істі тергеуден бас тартқан.

“Алматыда полиция тергегісі келмейтін ауыр қылмыс болды. 2023 жылдың 16 мамырында 20 жасар қыз жеті қыз бен бір жас жігіттің қорлауының құрбаны болған. Жеті бойжеткен Алматыда тұрып, жұмыс істейтін Ұзынағаш ауылының 20 жастағы тумасын соққыға жыққан. Қыздан 100 000 теңге бопсалап, 5 жігітке сатамыз деп қорқытқан. Олар оны қатты соққыға жыққан, қыздың тістері сынып, ауыр жарақат алған”, – дейді Таңсәрі.

Артынша қатты қорқып кеткен қыз терезеден секіріп кеткен.

“Қатты қорқып кеткен қыз 3-қабаттан секіріп кеткен. Бірақ қорлық мұнымен бітпепті. “Мен пәкпін, қатты қорқып кеттім” деп жазды қыз бізге. Полицейлер қыздың аз қамтылған отбасыдан шыққаны үшін ешқандай тергеу жүргізбеген. Бұл кезекті жас қыздардың қылмыстық тобы жазасыз, бостандықта жүр”, – дейді ол.

Қорлықтан құтылу үшін қыз терезеден секірген. Ол ауыр жарақаттармен ауруханаға түсіпті. Қыздың екі өкшесі, омыртқасы, қолы сынған, тағы басқа да ауыр жарақаттары бар.

Дәрігерлер қазір оны ауруханадан шығарды, бірақ оның жағдайын түсіну үшін тексеру, томография және басқа да тағайындаулар қажет, отбасында бұған ақша жоқ.

“Аса ауыр қылмыс жазасыз қалмауы үшін заңгерлердің көмегі керек!
Ең алдымен Алматы қаласы Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының тергеушісі мен тергеу бөлімінің бастығын жазалау керек. Адвокаттардан көмек сұраймыз. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі Гиният Ажардан зардап шегушіге көмектесуін, шұғыл түрде барлық қажетті тексерулерді жүргізіп, хирургиялық емдеуді бастауды сұраймыз”, – деп жазды Дина Таңсәрі.

Талқылау