Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 жыл бала сүйе алмадым: “Жігіттер” квартетіндегі Айдар хиджаманың арқасында әке атанған

“Жігіттер” тобының беделді мүшесі Айдар Тұрғанбек екінші рет отбасын құрған соң біраз уақыт бала сүйе алмаған. Әнші мен оның жары 5 жыл бойы дәрігерлердің табалдырығын тоздырып, емнің түр-түрін қабылдаған. Алайда медицина “Жігіттердің” серісіне көмектеспеген ұқсайды.

Ақырында Айдар халық медицинасына жүгінген. Бұл туралы Айдар 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Хиджама алдырып тұрамын. Бұл бойдағы айналмай қалған қандарды алып тастайды, содан адам өзін айтарлықтай жеңіл сезінеді, өмірге деген құштарлығы артады. Ол барлық жерге пайда. Көзге де, белсіздікке, адамның шаршап жүруіне қарсы. Алдырсаңыздар өте жақсы болады, кеңес берер едім”, – дейді Айдар ағынан жарылып.

Әншінің хиджама жасатуы бекер емес. Бала сүйе алмаған соң, тәжірибесі барлар аталған ем түрін жасатуға кеңес берген ұқсайды.

“Үлкен бір себебі бар. Біріншіден, отбасын құрғаннан кейін біз бес жылдай бала сүйе алмадық. Ол Тәңірдің қалауы болды. Содан кейін асыл дініміздің медицина түрлеріне көңіл бөлдім. Көп жігіттер осыны нұсқады. Содан араға 5 жыл салып, Тәңірдің қалауымен балалы болдық. Мұның да үлкен себебі болды. Сондықтан қол үзбей келіп тұруға тырысамын. Анамды, әкемді алып келемін, өзім де келемін. Маса шаққан сияқты болады, басқа ештеңе сезбейсің. Әрине, екпе ектіруден қорқатын ағаларымды білемін. Хиджамаға келетін болсақ, мен үйреніп кеттім. Бұл бір рахат нәрсе”, –  деп түсіндірді Айдар.

Әншінің айтуынша, әсіресе бастан қан алдырған пайдалы. Алайда ол үшін шашты тақырлап алып тастау керек. Ал мен өнер адамы болғандықтан, олай жасай алмаймын, дейді әнші.

Жіберіп алмаңыз: 

Әнші Динара Сұлтан бесінші рет ана атанды

Қазақ журналисі: Томирис актрисасын “баяғы қазақтар көк көзді болған» дейтін күлкілі концепцияға сай таңдаған

Қалаулым” жабылсын: Қоғам белсенділері шоуды жабу үшін қол жинауға кірісті

Айсәуле Бақытбек еліміздегі беделді оқу орнын жемқор деп айыптады

 

Талқылау