Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5 жасымда ағам зорлады": Стендап-комик Анар Бекет балалық шағында жыныстық зорлық құрбаны болғанын мәлімдеді

Анар Бекет 5 жасында зорланғанын мәлімдедіФото: https://www.instagram.com/anarbeket

Қазақстандық стендап-комик Анар Бекет әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, балалық шағында жыныстық зорлық құрбаны болғанын мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анардың айтуынша, оның ата-анасының отбасын асыраймын деп бос уақыты мүлде болмаған, сондықтан оны жиі әжесі мен атасының қарауына жиі қалдырған.

“Менің атым Анар және бұл – шынайы оқиға. Мен Павлодарда, қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкем электрик болып жұмыс істеді, анам үй шаруасындағы әйел еді. Ол тоқсаныншы жылдар болатын. Ата-анам бізді асырау үшін барын салды, сондықтан мені жиі әкемнің ата-анасына – әжем мен атама қалдыратын”, – деп жазды ол.

Стендап-комиктің сөзінше, осындай күндердің бірінде ата-әжесі де аз уақытқа кетіп қалғанда, жанында қалған немере ағасы оны зорлаған. Сол жағдайдан кейін баланың ауырсынулары басталып, дәрігерге қаралу қажеттілігі туындаған.

“Мен ашық-жарқын, белсенді бала болдым, бірақ жиі ауыратынмын, сол себепті балабақшаға бармадым. Бірде әжем мен атам шаруамен шығып кеткенде, мені үйде немере ағаммен қалдырды. Ол 17 жас, ал мен өте кішкентай болып, ештеңені түсінбейтінмін. Дәл сол уақытта ата-анам мені балалар гинекологына апарды, өйткені жарақаттардан бөлінділер мен ауырсынулар пайда болған еді. Сондай-ақ, мен сол немере ағамның заттарын ұрламақ болып ұстап қалғанда қатты ұрыс естігенім де есімде сақтап қалдым. Қазір барлық фактілерді салыстыра отырып, мұның балалық кек болғанын түсінемін. Бұл – оның маған жасаған қорлығына қарсы санадан тыс қарсылық”, – деді ол.

Комик адам миы көбіне жаныңды ауыртатын естеліктерді бұғаттап тастайтынын айтты. Ұзақ уақыт бойы ол белгілері анық емес кесінділермен өмір сүрген, олардың шынайы мәнін тек психологпен жұмыс істеп, анасымен ашық сөйлескеннен кейін ғана түсінген.

“Барлық ата-анаға үн қатқым келеді. Балаларыңыздың мінез-құлқындағы кез келген өзгеріске бей-жай қарамаңыздар. Оларды мұқият тыңдаңыздар. Ең бастысы – бес жасар баланы оның толық қауіпсіздігіне сенімсіз қалдырмай, ешқашан және ешкіммен жалғыз қалдырмаңыздар”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 19 Қаңтар, 2026 23:55