AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 студент бір балаға жабылды: Ақтөбеде студенттер тағы да жаға жыртысты

Ақтөбеде студенттер тағы да жаға жыртысты. Алға қаласындағы колледждің 5 шәкірті жоғары курс студентіне жабылған. Онымен қоймай төбелестің бәрін ұялы телефонға түсіріп, кейін әлеуметтік желі арқылы таратып жіберіпті.

5 студент бір балаға жабылды: Ақтөбеде студенттер тағы да жаға жыртысты

Таяқ жегеніне намыстанған жігіт осыдан кейін көшеге шығудан қалғаны былай тұрсын, тіпті сабаққа бармай қойған. Ал оқу орнының басшылығы бұл туралы тек 3 ай өткен соң, жәбірленушінің жақындары арыз айтып барғанда ғана білген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Видеода бір топ жасөспірімнің жалғыз жігітті қаумалап алып, аяусыз соққының астына алып жатқанын көруге болады. Ұрып ғана қоймай, бас-көз демей тепкілеп жатыр. Ал біреуі сыртынан ұялы телефонға түсіріп тұр. Жәбірленушінің ағасы Аманғали Төбетбаев қараша айында түсірілген видеоны жақында ғана көргенін айтады. Ал жиені болса қорқып, ләм-мим деп жақ ашпапты. Таяқ жеп жатқан өзінің жиені екенін білгенде Аманғалидың төбе шашы тік тұрыпты. Мән-жайды білмек болып дереу колледжге барған.

«Бүкіл ата-ана бар, мойындады сол арада. Видеода қолымда тұрды, көрсеткен жоқпын. Участковый көп болса бұларға айыппұл салады, 17 мыңмен шығып кетеді дейді. Сот болмай жатып шешіп тастады олар. Директордың айтқаны, Аманғали саған айтайын, алысқа бармай-ақ ғой, олар айыппұл алып, 2 жыл шартты алып кетер көп болса, сен бұдан дым пайда таппайсың, одан да ата-аналдар ақша ұсыныпты ғой сол ақшаны алып, баланы емдетіп алмайсың ба дейді. Мен ол ақшасыз да өмір сүріп жүрмін», – деді нағашысы Аманғали Төбетбаев.

Аманғали осы оқиғадан кейін жиенінің күрт өзгергенін айтады. Тұйық болып қалған. Жиі басы ауырады. Намыстанған жасөспірім сабаққа да баруды қойған. Жаға жыртысқа 2-курс студентінің кездесіп жүрген қызы себеп болыпты. Жуан жұдырықтылар енді ол қызбен кездеспейтін боласың деп талап қойыпты.

«Танымаймын ол балаларды. Араласпаймын. Сол қызбен жүрме, анау-мынау деді. Видеода көргенім, астында жатыр екенмін, тапалып. Есімде жоқ қалғаны. Үстімде секіріп жатыр», – дейді жәбірленуші.

Ал колледждегілер студенттерінің қырықпышақ болғанын тіпті білмейді екен. Таяқ жеген студенттің нағашысы оқу орнына келіп, айқай шығармағанда тіпті жабулы қазан сол күйі қалар ма еді, белгісіз.

«Төбелесіп қалған. Төбелесіп болғаннан кейін өздері шешімге келген қол алысып. Болдық міне, болды бәрі деп. Оны біз білмейміз. Мойындап отыр. Кешірім де сұрап отыр. Істегендеріне өкінеді енді. Бірақ, барлығынан ІІБ жауап алды», – дейді Алға индустриялық-техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшара Сексенбаева.

Аманғали іс дұрыс қаралмай жатқан соң прокурорларға шағым түсіргенін айтады. Қазір жиенін жетелеп дәрігерлерге қаратып жүр.

“5 бала жабылып ұрады оны, біреуі түсіріп тұрады телефонына, оны таратады сосын. Ана видеоны көрсеңіздер, бәрі жабылып ұрып жатыр, теуіп жатыр кішкентай болып алып, айуандық ғой кәдімгі. Әдейі ұйымдастырып істеген. Мына балалар жазасын алсын, түсіріп тұрған бала да жазасын алсын. Әрі қарай не болатынын кім біледі? Денсаулығына не болғанын”, – дейді жәбірленушінің жеңгесі Лалагүл Төбетбаев.

Колледждегілер төбелес шығарған төменг курстың студенттері оқуларын жалғастырып жатқанын айтты. Қазір олардың барлығымен әңгімелесу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр