Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 пәтер, 4 көлік, ақша мен бұйымдар: Перизат Қайрат пен оның анасынан не тәркіленбек

Перизат Қайраттың мүлкі

Фото: Қаржы мониторингі агенттігі

Перизат Қайрат пен оның анасының ісі бойынша сотта прокурор жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу үшін сотталушылардан нені тәркілеу керегін тізіп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлікті тәркілеп, жәбірленушілерге беру керек.

Ол Перизат Қайрат пен оның анасына тиесілі мүліктің тізімін жариялады:

  • Mercedes Benz S450;
  • Lexus LX 600;
  • Haval H6 GT;
  • Mercedes Benz Iq 500;
  • Астана қаласы Е-899 көшесі, "Vela Village" саяжай қалашығындағы 18 үй мекенжайындағы жеке тұрғын үй, сондай-ақ жер учаскесі;
  • Астана қаласы Амман көшесі, 21, 54 пәтер (Akbulak Riviera тұрғын үй кешені);
  • Астана қ., Тәуелсіздік көшесі, 56/2 үй, 105 пәтер. (Sensata Group тұрғын үй кешені);
  • Астана қ, Қазыбек би көшесі, 7а корпусы, 59 пәтер. ("Көк Жайлай" тұрғын үй кешені);
  • Астана қ., Нәжімеденов көшесі, 2-ғимарат, 1805 пәтер. (Highvill Gold Ishim тұрғын үй кешені);
  • Highvill Gold Ishim тұрғын үй кешеніндегі автотұрақ;
  • Akbulak Riviera тұрғын үй кешенінде автотұрақ;
  • 21 млн теңге (Перизат Қайраттың дебиторлық берешегі);
  • 20,7 млн.теңге (Перизат Қайраттың дебиторлық берешегі);
  • 5 млн теңге (Перизат Қайраттың дебиторлық берешегі);
  • 8 млн.теңге (Маңғыстау облысындағы сақтау орны);
  • 3,5 млн.теңге (Ақтөбе облысындағы сақтау орны);
  • 10 млн теңге (үстел теннисі федерациясының шотында);
  • BIZ BIRGEMIZ қоғамдық бірлестігінің шотындағы 20 млн;
  • BIZ BIRGEMIZ шотындағы 20 мың доллар;
  • BIZ BIRGEMIZ шотында 24 мың теңге;
  • BIZ BIRGEMIZ шотындағы 1,7 млн.теңге;
  • Rebel flowers гүл дүкенінің шотында 3 млн теңге;
  • Rebel flowers дүкенінің шотында 2,3 млн.

Rebel flowers жарғылық капиталындағы 100% үлесі мен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған сәнді заттар, яғни сөмкелер, зергерлік бұйымдар, аяқкиім және аксессуарларды тәркілеу ұсынылды.

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның есепшоттарынан табылған қаражатты да тәркілеу ұсынылып отыр:

  • Перизат Қайраттың шотындағы 45 мың теңге;
  • Перизат Қайраттың шотындағы 116 мың теңге;
  • Перизат Қайраттың есепшотында 49 мың;
  • Ғайни Алашбаеваның есепшотында 200 мың теңге;
  • Ғайни Алашпаеваның шотындағы 150 мың теңге;
  • Ғайни Алашбаеваның есепшотындағы 31 мың теңге.

Сондай-ақ Akbulak Riviera тұрғын үй кешеніндегі пәтерді тінту кезінде 1,6 млн теңге, 6 мың юань, 200 доллар, 195 дирхам және 20 катар реалы табылған. Прокурор осы ақшаны да тәркілеуді сұрады.

Еске салсақ, Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. 22 шілдеде сот жарыссөзі басталды. Прокурор Мадина Оразалина қайырымдылық атын жамылып пайда көргісі келетіндерге үндеу жолдады. 

Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, Ғайни Алашбаеваны 8 жылға соттауды сұраған еді. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 22 Шілде, 2025 15:01
Талқылау