"5 миллион теңге ғана төлейді: Танымал блогер Мадлен сұхбат бергені үшін ақша алатынын жасырмады
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал блогер Мадлен сұхбат беру үшін ақы алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер оқырмандарымен сырласып, сұрақтарына жауап берді. "Сіз сондай күштісіз, сізбен өтетін подкастарды тыңдағым келеді" деп жазған оқырманына риза болды.
"Рақмет, иә, мен ашық әрі көлемді сұхбат бергім келеді. Алайда, оған тек 5 миллион теңге ғана ұсынып отыр. Сондықтан да бармаймын. Бұл одан қымбат болуы керек деп ойлаймын", – деп жазды блогер.
-
"Мені "өлтіремін" деді": Блогер Мадлен Таиландта күтпеген жағдайға тап болды
-
"Дубайдағы қызметім үшін": Атышулы блогер Мадлен күтпеген мәлімдеме жасады
Сондай-ақ блогер негізгі табыс көзі жарнама екенін де жасырмады.
“Құмар ойын мен қаржы пирамидасын жарнамаламаймын. Одан кейін түсініксіз дәрі-дәрмектерді де менің парақшамнан көрмейсіздер. Арақ пен темекіні де насихаттамаймын. Оқырманым көбейген сайын алдындағы жауапкершілік те артты. Зиян нәрселерді жарнамалап алып, түнімен ұйықтай алмай шығу – өзіңе зиян”, – деді Мадлен.