"5-6 жыл қарсы болдым": Жұбаныш Жексенұлы келіні италиялық екенін жасырмады
Фото: Подкастан скриншот
Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы ұлының шетелдік қызға үйленгенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі “Сыр” подкастында қонақ болып, отбасылық өмірінен сыр шертті.
“Менің үлкен келінім – италиялық. Ұлым гитарист, шетелде оқыды, келінім де музыкант. Балам үйленем дегенде 5-6 жыл қарсы болып жүрдік. "Қазақтан табылмады ма" деген әңгімелер айттық. Бірақ кейін ұлыммен дұрыстап сөйлескенде шын ұнатып қалғанын түсіндірді. Жүрекке әмір жүрмейді ғой. Таңдауы солай болса, біз қалай келіспейміз? Өмір бойы сүйгеніне қосыла алмай, басқамен бас қосып, соның зардабын шегіп жүргенін қандай ата-ана тілейді өз баласына?", – деді әнші.
-
"Апамызды 60 жасқа толғанда көрдім": Жұбаныш Жексенұлы "Нурикамал" әнінің шығу тарихын айтып берді
-
"Имамдардың әңгімесін көп тыңдаған": Жұбаныш Жексенұлының су тасқыны туралы жазбасы сынға ұшырады
Еске салайық, өнер иесі немерелеріне әннің атын қойғанын жазған едік.
“Екі немерем бар. Ләйлім және Гәкку деп есімін қойдық. Ләйлім – Әбілқайырдың қызы. Гәкку – Жанәділдің қызы. Екеуіне де әннің атын қойдық. Әнге бейімі өсе келе белгілі болады ғой. Біз баланы тәрбиелегенде "Мынадай боласың" демедік. Тек қолымыздан келгенше қолдау көрсетеміз. Балаларым алдымен маман болады. Қандай кәсіпті игерсе де, кәсіби тұрғыда меңгеруін талап еттік”, – деген еді өнер иесі.

“Босанған соң, анамның бүйрегін денем қабылдамай қойды": Қазақстандық әйел төрт жылда екінші рет ағзасын ауыстырмақ
