Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5-6 қаңтарда Алматы көшелерінде неліктен полицейлер болмады – Департаменті басшысының орынбасары жауап берді

Блогер Бейбіт Алибековке берген сұхбатында Алматы полиция департаментінің орынбасары Рустам Абдрахманов оңтүстік астанада орын алған тәртіпсіздіктер жайлы айтып берді. Сонымен қатар ол 5-6 қаңтарда қала көшелерінде полицейлердің болмау себебін де атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Абдрахманов

Абдрахманов полиция департаменті ғимаратына жасалған шабуыл жайлы айтты. Оның сөзінше, барлығы 5 қаңтарда басталған. 

"Ғимаратты қорғау бойынша арнайы жоспар бар. Біздің ғимаратта қару-жарақ қоймасы мен атыс қарулары, оқ дәрілер бар. Егер бұлардың барлығы бұзақылардың қолына түскенде, жағдай қиындайтын еді. Таңғы 6:30-ға дейін ғимаратты қорғадық", –  деп түсіндірді департамент басшысының орынбасары. 

Таңертең полицейлер тек бір ғана мәйітті тапқан. Ол – ғимаратты соққан "Камаз" көлігінің жүргізушісі. Өзге мәйіттерді шабуылдағандар өздерімен алып кеткен. 

Абдрахмановтың сөзінше, шабуыл жасағандар бастапқыда ұйымдасқан түрде жұмыс істеген: барлық ауланы бақылап, көрші ғимараттың шатырына мергенді орналастырған. 

"Мен Масанчи көшесіндегі "Целинный" жаққа қарап тұрдым. Бұл көше адамдарға толы еді, олар екі жаққа да жүріп жатты", –  деді ол. 

19 қаңтарда Алматы мәйітханаларына 151 адам түскен. 

"Барлық мәйіттерге сот-медициналық сараптама жүргізілді. Менің ойымша, сарапшылар ол адамдардың ағзасында қандай заттардың болғанын анықтайды", – деді Абдрахманов. 

Сонымен қатар Абдрахманов неліктен 5-6 қаңтарда қала көшелерінде полицейлердің болмағанын да түсіндіріп өтті. 

"Барлығы ғимаратты күзетті. Алматыда 8 ірі басқарма мен 6 полиция бөлімі бар", – деп мәлімдеді полицей. 

"20 000 лаңкес, меніңше бұл асыра сілтеу емес. Сол күні қару ұстаған адамдардың барлығы әкімшілік ғимараттарды шабуылдады. Олар – лаңкестер. Адам біздің қолымызға түсіп қалса, біз босатып жібердік. Барлығы үйлерінде. Қазір жедел желіге полиция қызметкерлерінің әрекетіне байланысты үш шағым келіп түсті. Олардың барлығы өңделді", – деп қосты Абдрахманов. 

Руслан Абдрахманов Республика алаңында атылған оққа қатысты сауалға жауап беріп, ол жерді полицейлер қорғамағанын мәлімдеді. 

Полиция департаменті басшысының сөзінше, қозғалған қылмыстық істер саны әлі де өзгеруде. Әңгіме барысында ол ұйымдасып, тұрғын үйлерді қорғаған азаматтарға өз алғысын білдірді. 

Талқылау