"+46°C-қа дейін": Қазақстанның бірқатар аймақтарында аптап ыстық болатыны ескертілді

Қазақстанда 15 шілдеде бірқатар қалаларда ауа температурасы +46°C-қа дейін жетеді. Төтенше жағдайлар департаменті аптап ыстық туралы ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство ел бойынша 15 шілдеде дауылды ескерту жасады.
Қазақстанның бірқатар облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады:
- Түркістан облысында +46°C-қа дейін;
- Қызылорда облысында +45°C-қа дейін;
- Атырау мен Маңғыстау облыстарында +44°C-қа дейін;
- БҚО, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Жетісу және басқа облыстарда +42°C-қа дейінгі ыстық күтіледі.
- Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және басқа өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл және қатты жел болады.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді