"46 жасымда аутизм диагнозы қойылды": Актер Азиз Бейшеналиев дертке шалдыққанын жеткізді
Фото: Подкастан скриншот
Мұстафа Шоқай туралы фильмге түсіп, танымалдылыққа ие болған Азиз Бейшеналиев денсаулығына қатысты сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кино жұлдызы журналист Тимур Балымбетовтің арнасына сұхбат берді. Психиатрияда бұл мимикриялық аутизм деп аталады. Адамда диагноз белгісі бар, бірақ басқа адамдардан ерекшеленбейді. Тек іштей өз әлемдерінде өмір сүреді”, – деді актер.
Алайда өнер иесі ұлының тағдырына алаңдайтынын жеткізді.
“Диагнозымды 46 жасымда білдім. Сол кезде өткен өмірім көз алдымнан өтті. Көп нәрсені түсіндім. Біз Кеңес заманында өмір сүрдік. Ал ол кезде мұндай диагноздарға диагностика жасалмайтын. Сол үшін де мен диагнозымды білмедім. Менің терапиям – киноға түсу. Ішкі жан дүниемді түсіну үшін бейсаналы түрде актер мамандығын таңдаппын. Бірақ ұлыма қиындау болып тұр. Қоршаған ортамен байланысқа түскенде қиналатынын байқаймын”, – дейді киножұлдызы.

"Шоттарым мен құжаттарымды бұғаттап тастады": Қазақстандық келіншекті емхана қызметкерлері өлілердің қатарына кіргізіп жіберген
