Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйнекті жұдырығымен ұрып, айқайлаған": Актер Әзиз Бейшеналиев жүргізушілердің әйелдерге деген агрессивті қарым-қатынасы туралы айтты (видео)

Актер Азиз Бейшеналиев Jaman Emes подкастында ерлердің көлік тізгіндеген кезде жолда көрсететін агрессиясы туралы сөз қозғады. Сондай-ақ ол Қазақстанда әйелдердің неліктен зорлық-зомбылықтың барлық түріне ұшырайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Актердің әйелі көлік жүргізіп, қаланы аралап жүргенде оған жол бойында болған оқиғалар туралы жиі айтып береді екен.

“Бір күні агрессивті ер адам әйелімнің жолын бөгеп, оның көлігінің алдын күтпеген жерден кесіп өтіпті. Әйелімнің сигналына жауап ретінде ер адам көліктен түсіп, жанына жүгіріп келіп, әйнегін жұдырығымен қағып,  айнасын ұрған екен.  Әйелім жолаушы ретінде менің жанымда жүргенде мұндай жағдайлар мүлде болмайды”, – деді актер. 

@jaman_emes_podcast «Мужики» и дороги! Смотрите полный выпуск на нашем канале на Youtube. Ссылка в шапке профиля Гость: @azizbeishenaliyev Ведущие: @User1842504045​ @user2393674190248 #jamanemes #podcast #азизбейшеналиев #kino #семья #отец #воспитание #мысли #жизнь #женщиназарулем #мужикзарулем #уступидорогудураку ♬ оригинальный звук - Jaman Emes

Бейшеналиев бір күні әйелімен бірге жұмыс бабымен келе жатқанда, басқа бір жүргізуші олардың жолын бөгеген екен.

“Бізде тұрғын үй кешенінің жанында күрделі шығу жүйесі бар, тым тар. Барлық жерде көліктер бар. Бір күні жұбайыммен кетіп бара жатыр едік, біреу бізге қарай көлікпен келе жатып, жолымызды бөгеді. Біз артқа қарай жүргуе мәжбүр болдық. Ол көлік айдап келе жатып әйеліме “тез жүр, жолды босат” деп айтты. Ол кезде мен көлік ішінде көзге көрінер көрінбес отырған едім”, – деді актер.

Алайда, Азиз Бейшеналиев жүргізушіге өзін көрсеткеннен кейін, ол көлігін айдап, оларға жол берген екен. 

"Әйелдерге жасалатын сексуалдық, физикалық, психологиялық зорлық-зомбылықтың барлығын ер адам өзінің физикалық күшіне және жазасыздығына сенгендіктен ғана жасайды", – деді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Актер Азиз Бейшеналиев өгей баласына жақсы әке бола алмағанын айтқан еді. Өнер иесі 23 жасында үйленіп, отбасылық өмірге қадам басқанын және 4 жасар өгей ұлын белбеумен сабағанын мәлімдеген болатын.  

Талқылау