Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"45 жыл сақталған": Ләйлә Сұлтанқызы бала күнінде киген етігін көрсетті

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы балалық шағында киген аяқкиімін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

БАҚ өкілі ескі заттардың сондай бағалы екенін айтып берді. 

“Байқасаңыздар, үлкен кісілер ескі заттардың құндылығын жиі айтып отырады. Тіпті тастауға қимайды. Өзіміз де арасында сондай болып барамыз ба деп қалжыңдап қоямын. Мысалы, мына етікке 45 жыл болыпты. 1980 жылы кидім. Үш ұрпақ киген. Қазір Мариям киіп жүр. Ерлан мен Русланның балалары да киді. Шешем айтпақшы, "мұрты бұзылмаған" етігіміз сияқты сіздің үйіңізде әжеңізден, атаңыздан қалған қандай зат(киім) бар?! Сақтайсыз ба, айтып отырасыз ба?”, – деп жазды журналист. 



Желі қолданушылары балалық шағынан бері сақталған түрлі бұйымдарын жарыса жазып жатыр. 

“91 жастағы атамның жатқан бесігі бар”, “Менде де осындай етік болған”, “Сол кездегі киімдердің сапасы қандай керемет”, “Анамның 1982 жылы алған дастарханы бар, әлі жыртылмаған”, “1951 жылғы тігін машинасы әлі істеп тұр”, “Әжемнің қолдан тоқыған жүншұлығын қызым киіп жүр. 35 жылдан бері ескірген емес”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, "Бір жыл бойы ұялып, келмей қойды" деген Ләйлә Сұлтанқызы бала сүйе алмай жүрген блогер Елдос "Колобокке" қалай көмектескенін айтқан еді. 

 

Талқылау