Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"45-тен асқан келіншектің үмітін оятты": Жазира Байырбекова бір айда екі рет ана атанған Баян Мақсатқызына қатысты пікір білдірді

Танымал әнші Жазира Байырбекова тағы да бөпелі болуға қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Өнер иесі қызы Дараның туған күнінде жазба жариялады. 

“Даратайым 5 жасқа келіп қалды, Аллаға шүкір. Қазыбек үйленуге асықпайтын болса, тағы бөпелі болсақ қалай болар екен деп ойладым. Баян Мақсатқызы 45-тен асқан келіншектің үмітін қайта оятқан сияқты. Солай емес пе, қыздар?! Үйде сәби болғандағы аура басқаша болады”, – деп жазды әнші. 



Еске салайық, продюсер тамыз айында суррогат ананың көмегімен қызды болғанын жазған едік. 

“ЭҚҰ дәрігері суррогат ананың көмегіне жүгінуді ұсынды. Оған қатысты да бірнеше ақпаратты түсіндірді. Біз келісіп, енді сол бағытта жұмыс істей бастадық. Тұрсеннің биоматериалын сақтап қойдық. Төрт жыл бұрын алғашқы қадам сәтсіз болды. Ұрықты орналастырғаннан кейін екі апта өткен соң дамымай қалып, түсік тастады. Тұрсен “Онда тұрған ештеңе жоқ, демек уақыты әлі келмеді” деді. “Тағы бір рет талпынып көрейік” деген ой айтты. Сәтсіз оқиғаға екі жылдан кейін тағы тап болдық. Ол кезде де ұрық дамымай қалып, түсік тастады. Бізге орталық мамандары хабарласып, жағдайды айтып берді. Ұл бала дамып келе жатыр еді. Тұрсен де екі рет сәтсіз болса да, күлімдеп “Тағы да көрейік” деді. Сол кісінің қолдауымен екі қыздың ата-анасы атандық, – деген еді танымал продюсер.

Талқылау