+40°С-қа дейін аптап ыстық болады: Қазгидромет қазақстандықтарды денсаулығына сақ болуға шақырады
Фото: awras.com
Қазгидромет осы 22 маусымда Қазақстанның әр аймағында ауа райы құбылмалы болатынын және аптап ыстық сақталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің айтуынша, еліміздің басым бөлігіне циклон мен оған ілескен атмосфералық фронттар ықпал етеді. Бұған байланысты бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Сонымен қатар, батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда бұршақ түсуі ықтимал. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, солтүстік пен оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Кейбір аймақтарда аптап ыстық сақталады. Ауа райының тұрақсыздығына қарамастан, бірқатар облыста күннің қызуы бәсеңдемейді. Қазгидрометтің болжамы бойынша, Жетісу облысында ауа температурасы +36°С-қа дейін көтеріледі. Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында +35°С-қа дейін, ал Қызылорда облысында +40°С-қа дейін аптап ыстық болады.
Мамандар тұрғындарды ауа райына сәйкес киініп, күн ыстықта денсаулыққа сақ болуға шақырады.
Қазақстандықтар жоғары температура кезінде қысқартылған жұмыс күніне құқылы – Сарапшылар
Павлодар мен Екібастұзда қатты желден ағаштар құлап, тұрғындар жарықсыз қалды (видео)
Еске салайық, бұған дейін маман ыстық күні тәтті сусын ішудің қаупі туралы ескертті. Росбиотех университетінің ашытқы өндірісі және шарап жасау кафедрасының профессоры Марина Мойсеяк ыстық ауа райында тәтті сусындарды тұтыну қауіпті болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай сусындар қандағы глюкоза деңгейінің күрт жоғарылауына әкелуі мүмкін.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
