Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 жастағы Криштиану Роналду кезекті мәрте әлемді таңдай қақтырды

Криштиану Роналду

ФОТО: gettyimages.com

Португалия мен Аль-Наср клубының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабындағы 954-голын соқты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сауд-Арабия чемпионатының 9-турында “Аль-Наср” клубы “Әл-Халиджге” қарсы матч өткізді.

Ойын басталған сәтте қос тарап та бір-бірінің осал тұсын таба алмай сарсанға түсті. Алайда бірінші таймның 39-минутында “Аль-Наср” сапынан алғашқы голды Жоау Феликс соқты. Артынша Уэсли 42-минутта қарсылас қақпасынан саңылау тауып есепті ұлғайтты. Ал Садио Мане 77-минутта “Әл-Халидженің” шабуыл шебін бұзып өтіп, есепті 3:1-ге жеткізді. "Аль-Халидж" сапындағы жалғыз голды 47-минутта Мурад Хавсави соққан еді.

Матч аяқталар тұста Криштиану Роналдуның қайшылай тепкен добы, қақпаға дәл кіріп ойынның тағдырын өз пайдаларына жазып кетті. Есеп 4:1.

Бұл – оның мансабындағы 954-голы. Осылайша даңқты футболшы мыңдық межеге жақындап қалды.

Айта кетtйік, "Әл-Наср" осылайша турнир кестесінде 27 ұпаймен көш басына шықты. Ал "Әл-Хиляльда" 23 ұпаймен 2-орында келеді.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 24 Қараша, 2025 11:16
Талқылау