Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 миллиард теңге: Астанада Sergek камераларының орнына араб компаниясының жүйесі орнатылмақ

Астанада жасанды интеллект негізіндегі қалалық инфрақұрылымды басқарудың жаңа жүйесі іске қосылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Әкімдік мәліметінше, жаңа камераларға қызмет көрсетуге бес жыл ішінде шамамен 40 миллиард теңге жұмсалмақ. 

Айта кетейік, 13 наурызда Астанада Sergek жобасының жүзеге асырылуы аяқталатыны белгілі болды. Оның орнына қалада жасанды интеллект негізіндегі жаңа бейнабақылау жүйесі іске қосылады. Жобаны Абу-Даби биржасында тіркелген G42 холдингінің құрамына кіретін халықаралық Presight компаниясы жүзеге асырады.

Әкімдік бұл жобаның 2030 жылға дейін жоспарланғанын және оған 53 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынатынын мәлімдеді.


Алматыда "Сергек" камералары тағы бір заң бұзушылықты тіркейді


"Жобаның жалпы құны 93,2 миллиард теңгені құрайды. Бұл сомаға жасанды интеллект технологияларын енгізу, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған 53,5 миллиард теңге инвестиция кіреді. Сондай-ақ 2026-2030 жылдар аралығында жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 39,7 миллиард теңге көлемінде операциялық және әкімшілік шығындар қарастырылған”, – делінген хабарламада. 

Әкімдік жобаны қаржыландыру толықтай шетелдік серіктестің есебінен жүзеге асырылатынын, сондай-ақ аталған 39 миллиард теңге де оның тарапынан төленетінін атап өтті. 

Әкімдік мәліметінше, инвесторға төлемдер тек жоба толық іске қосылғаннан кейін жасалады. 

Еске салсақ, бұған дейін Sergek жобасының негізін қалаушы Астанадан не себепті кетіп бара жатқанын түсіндірген еді.

Талқылау