Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық кәсіпкер заңды айналып өтетін жолды тауып, ондаған адамды алдап кеткен

алданғандар

Видеодан скриншот

Алматыда бір топ адам жиһаз дайындаймын деген кәсіпкерге алданып қалғанын айтты. Енді одан ақшаны қайтарайын десе, ер адам қылмыстық жауапкершіліктен айналып өтетін жол тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматылық ер адам желіде тапсырыс бойынша жиһаз дайындайтынын айтып, жарнама жасаған. Сөздерінше, жиһазды аз уақытта арзан бағаға жасаймын деген. Алайда өлшем алып, алдын ала төлем жасалған соң жоғалып кетті дейді.

"Бағасын айтты. Ас үй жиһазы 700 мың теңгеге шықты. Сол бағасына қызықтым. Келісімшарт әйелінің атына жазылды. Өз атын айтпады. Ақшаны да әйелінің шотына аудартты”, – деді алданған Анастасия Шиповалова.

Ол төлемді ақпанда жасаған екен. Содан бері жиһаз да, ақша да жоқ. Осылай 36-дан аса адам алданған. 


Қазақстандық әйел қылмыстық іс қозғалса да жалған туристік жолдамаларды сатып келген


Талдықорғандық блогер алаяқтың әрекетін әшкерелеймін деп айыппұл арқалады


“Біреу миллион, тағы бірі 2 миллион теңге төледі, бірі 500 000 теңге аударды. Мен асүй жиһазын жасатамын деп 1,2 миллион теңгені несие алып төледім”, – деді жәбірленуші Кенжегүл Құлжанова.

Күдікті қылмыстық жазадан құтылу мақсатында заңды айналып өтетін құйтырқы жолды тапқан. Алматы прокуратурасының мәлімдеуінше, ол әдейі жиһаздың бір бөлігін клиенттерінің үйіне әкеліп тастапты. Мәселен, фасадты паннель, тақтайлар, т.б. Заң бойынша мұның өзі жартылай жасалған жұмыс деп саналады дейді. Осылайша оның әрекеті қылмыстық құқықбұзушылық емес, азаматтық дау болып кетеді дейді. Оны сотта дәлелдеп шығу керек.

Полиция қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізгенін айтты. Күдікті үйқамақта екен.

“Түрксіб аудандық полициясы қылмыстық істі тергеп, прокуратураға жолдады. Нәтижесі бойынша іс сотқа жолданады”, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 17 Шілде, 2025 15:00
Талқылау