40 градусқа дейін ыстық: Жаздың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы
Фото: depositphotos.com
Синоптиктер 31 мамыр және 1-2 маусым күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады деп болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, елдің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауып, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтар мен батыс өңірлерде қатты жаңбыр жауады.
Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде шаңды дауыл болжанып отыр.
Батыс пен солтүстік-батыста аптап ыстықтың беті қайтады.
Ал Қазақстанның қалған бөлігінде, керісінше, ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, күндізгі уақытта орталық пен оңтүстікте 35-40 градусқа дейін ыстық болады деп болжануда.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген
