Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4 жасар Жәнияның анасының Аяз атаға жазған хаты қазақстандықтарды жылатты

4 жасар Жәния Жәнібектің анасы қызының атынан Аяз атаға хат жазып, қазақстандықтардың жүрегін елжіретті. Осыдан екі апта бұрын дәрігерлер жеткіншектің ауыр науқасқа шалдықаннын анықтап, лимфолейкоз диагнозын қойды.

15421029_1187103411404577_4767131415828733827_n-800x600

Бұл туралы «Мой город» басылымы хабарлады.

«Құрметті Аяз ата, сенің бар екеніңе сенемін. Сенен ойыншық та, қуыршақ та сұрамаймын. Мені Ақтамагүлге (Жасмин) айналдырып жіберуіңді өтінемін, себебі Ақтамагүл ауырмайды. Менің де ауырғым келмейді, үйіме, әкеме, сіңліме барғым келеді, сіңлімді қатты сағындым. Анам күн сайын жылайды. Неге? Анамның жылағын қаламаймын, кішкентай жүрегім соқса екен деймін», – деп жеткізді қызының жан айқайын анасы Гүлхар Тәжіғұлова.

Анасының айтуынша, тексерістен өтіп, диагнозы расталғаннан кейін ол қызын алып квота арқылы Алматыға жол тартқан. Қазіргі уақытта жеткіншек гормоналдық терапиядан өтуде. Алайда негізгі емді Жәниянің ата-анасы Оңтүстік Кореядан алғысы келеді. Қыздарын аяққа тұрғызу үшін ата-анасына шамамен 200 мың доллар көлемінде қаржы қажет. Шарасы таусылған ата-ана емге қажетті қаражатты жинау туралы әлеуметтік желіде хабарлауға мәжбүр болды.

4 жасар Жәния барып жүрген бала-бақша ұжымы алғашқылардың бірі болып ата-анаға көмек қолын созды. Мекеме басшысы Роза Өтепбаеваның сөзіне қарағанда, тәрбиеленушілердің бірінің ауыр науқасқа шалдыққанын естігенде мекеме қызметкерлері абдырап қалған.

«Бала осыдан бір апта бұрын ғана бала-бақшаға аман-сау келіп жүрді. Ақырғы сәтке дейін бұған сенгім келмеді. Алайда жұма күні кешкі уақытта Жәниянің анасы хабарлама жіберіп, мәскеулік дәрігерлердің диагнозды растағанын айтты. Көмек қолын соза алатын барша жандарды үнсіз қалмауға шақырамын. Жас отбасының кішкентай қызды емдетуге шамасы жетпейді. Жәниядан бөлек, анасының емшектегі сәбиі бар», – деп жазды Роза Өтепбаева.

15578485_1193651247416460_2397199478510866280_n

Осы демалыста еріктілер мен бала-бақша қызметкерлерінің жұмыла атсалысуымен қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Түскен қаражат ауыр науқасқа шалдыққан екі бірдей жеткіншекке үлестірілмек. Екі күннің ішінде жәрмеңкеден 470 мың теңге көлемінде қаражат түсті. Аталған сомма қақ екіге бөлініп, балалардың ата-аналарына беріледі.

Ал Жәния Жәнібектің еміне қаражат жинау жалғасын табуда. Қыздың анасы барша қайырымды жандардан көмек сұрайды.

«Қалай қиналып тұрғанымызды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Күншуағымыз Жәниянің қиналғанын көргенде жүрегім қан жылайды. Біз үмітімізді үзбейміз және баламызды аман алып қалғымыз келеді. Жасаған қайырымды істеріңіз өздеріңізге және балаларыңызға қайтып келсін. Бізге Кореяда баламыздың оңалып кетуіне мүмкіндік көп екенін айтты», – дейді науқас қыздың анасы Гүлхар Тәжіғұлова.

Реквизиттер: QIWI- кошелёк: +7 778 386 38 45, “Сбербанк” – карта нөмірі 4263433480572244 Тажигулова Гаухардың атына, “Казком” – карта нөмірі  4003032757090479, “Халық банкі” – карта нөмірі 6762003506473023.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда әлеуметтік желілердің істен шығуының ресми себептері айтылды

Қазақстандық студенттер ЖОО-дан кейін қанша жалақы алғылары келетінін айтты

Алматы облысында нанға жарымай күнкөрісі қиындаған отбасыға жұрт жұмыла көмектесуде

Ақтөбеде бейтаныс жігітпен өткізген түн тұрмыстағы келіншек үшін сәтсіз аяқталды

Талқылау