"4 отадан аман-есен өттім": Қазақстандық трансгендер Нико Нетт бет-әлпетін өзгертті
Танымал трансгендер, блогер, Нико Нетт атымен танымал Ника Тұрғанова бет-әлпетіне ота жасатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Желі жұлдызы бүгінге дейін төрт ота жасағанын айтты.
“Халық Аллаға қарсы шықтың” деп айтады. Менің өмірімде бәрі жақсы. Егер Жаратқан қарсы болса, мен төрт отадан аман-есен өте алмас едім. Күннен-күнге өсіп, құлпырып келемін. Демек бұл — Алланың қалауы”, – деп жазды блогер.
-
Қостанай облысында лицензиясыз пластикалық ота жасаған дәрігерге үкім шықты
-
"Басқа біреуге кетіп қала ма деп қорықтым": Танымал блогер күйеуі үшін төсін үлкейткенін мойындады
Одан кейін пластикалық отаның қалай өткенін және өзін қалай сезініп жатқанын көрсетті.
“Дәл қазір көзімді жоғары көтеру қиын болып тұр. Жанымда анам мен ағам бар. Жағдайым дұрысталса мені үйге алып кетеді. Өйткені мен сыртқы түрімді өзгерту үшін косметикалық-пластикалық ота жасаттым. Бұрын оқырмандарым пластикалық ота жасатпадым десем, сенбейтін. Бүгін ғана бірінші рет жасатып тұрмын. Бет-әлпетіме өзгеріс енгіздім. Макияжбен жүргенде мән бермеппін. Одан кейін фильтрмен фотоға түсіп жүрдім. Енді мен ресми түрде айта аламын: Иә, мен шынымен бетіме ота жасадым. Бір нәрсені жақсартуға мүмкіндік болса, неге соны жасамасқа?!”, – деп жазды трансгендер.
@_niko_nett Я сделала глаза и нос🥹 подробнее в инсте niko_nett #рекомендация #рекомендации #recommendations #recommendation ♬ оригинальный звук - niko_nett
Еске салайық, спортзалдағы әйелдер киім ауыстыратын жерге кірген қазақстандық трансгендер Нико Неттің басы дауға қалғанын жазған едік.