4 есе қымбатқа алынған: "Алматы Су” кәсіпорнының 295 миллион теңгеге сатып алған техникасы тексеріліп жатыр
Фото: t.me/pao_kamaz
Алматыда “Алматы Су” коммуналдық кәсіпорынның сатып алған арнайы техникасы тексеріліп жатыр. Қоғам белсенділері техниканың нарықтық бағадан төрт есе қымбатқа алынғанын айтып, экономикалық тергеулер департаментіне тексеріс жүргізуді талап етіп жүгінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан заңгерлер одағының Алматы филиалының төрағасы Бауыржан Мақұлбаевтың айтуынша, “Алматы Су” қызметіндегі мемлекеттік сатып алуларды тексеру кезінде олар жалпы құны 295 344 000 теңгеге үш бірлік лайсорғыш және канал жуу жабдығы орнатылған комбинирленген машина сатып алынғанын анықтаған. Бір техника — 98 448 000 теңге. Мақұлбаевтың сөзінше, бұл техниканы “Жалайыр-Групп” ЖШС бір көзден сатып алған.
Қоғам белсенділері техниканы тым қымбатқа сатып алған деп есептейді.
“Ашық дереккөздерден мұндай техниканың бір бірлігінің кедендік қосымша құнсалығын құн салығынсыз 17 792 580 теңге тұрады. Қорытынды құны — 22 747 778 теңге. Біздің есептеуіміз бойынша, “Алматы Су” мен “Жалайыр-Групп” басшылығының әрекеттерінде қылмыс белгілері бар, ал мемлекетке келтірілген залал 200 миллион теңгеден асуы мүмкін”, — деді Бауыржан Мақұлбаев.
Экономикалық тергеу департаменті Tengrinews.kz порталына берген жауабында 8 қазанда “Жалайыр-Групп” компаниясына қатысты қылмыстық кодекстің 189-бабы (Бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Тергеу нәтижелері кейін белгілі болады.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады