Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4 бала тапқан Жұлдыз Әбдікәрімова мінсіз сымбатын қалай сақтағанын айтып берді (фото)

Қайрат Нұртасқа 4 бала сыйлаған Жұлдыз Әбдікәрімованың сымбаты көпшілікті қызықтыратыны рас. Тіпті, оған жиі қойылатын сұрақ та сымбатының төңірегінде болса керек. Өз кезегінде Жұлдыз бұл сұрақтың басын ашып, мінсіз сымбатының құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

Жұлдыз Әбдікәрімова

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, ол жаттығу залына жиі бармайды әрі тамаққа да шектеу қоймайды екен.

«Мен туралы жаттығу залынан шықпайды, түрлі емдәм ұстанады деп ойламасаңыздар болады. Сымбатымның құпиясы менің геніме байланысты. Бірінші жүктіліктен кейін де, төртінші жүктіліктен кейін де артық салмақпен қиындық болған жоқ. Әрине, бұл менің күні бойы түрлі тәттіні жейтінімді аңғартпайды. Тамақ талғамаймын, алайда белгілі бір мөлшерде ғана жеймін.

Бұл ретте бойжеткендерге өздерін сол қалпында жақсы көруді тілеймін. Әркімнің өзіндік сұлулығы бар. Жан дүниеңіз махаббат пен үйлесімділікке толса, дұрыс жолмен жүріп, өз ағзаңыз бен келбетіңізді құрметтеп, салауатты өмір салтына, дұрыс тамақтануға қадам басасыз», – деп жазды Жұлдыз Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, ол бірінші жүктілігі кезінде түскен суреттерін көрсетті.

Жұлдыз Әбдікәрімова

Сонымен қатар Жұлдыз өзі үшін өткен күндерінің өте құнды екенін айтты.

Жұлдыз Әбдікәрімова

Жұлдыз Әбдікәрімова

Оқи отырыңыз:

Шымкент тұрғындары Төреғали Төреәліге ақ боз ат мінгізді (видео)

Бірге суретке түспек болған тыңдарманы екі саусағын көрсеткен Қанаттың қолын қағып жіберді (видео)

Динара Қырықбаеваның қызы сүйкімділігімен жұртты сүйсіндірді (фото)

Қайрат Нұртас тойда ламбада әнін шырқап, қонақтарды билетіп жіберді (видео)

Талқылау