4 айлық бала өзін құтқарып қалған полицейге қарап күлді
Үндістанда анасы ұйықтап жатқан кезде төрт айлық Фаисан Ханды ұрлап кеткен.
Бұл туралы IndiaToday жазады.
Полицейлер баланы табу үшін бар күштерін салады. 15 сағатқа созылған іздеу шарасының нәтижесінде бала табылады. Сол кездегі баланың реакциясы көпшілікті таңғалдырды.
Полицей Санжар Кумардың баланы ұстап тұрған суреті желіде жылдам таралып, бірнеше мың лайк жинап үлгерген. Суретте бала тәртіп сақшысына қарап күліп тұрады.
Сонымен қатар, полиция баланы ұрлап, сатып жібермекші болған екі ер адамды да ұстаған.
Жіберіп алмаңыз:
Джеки Чанның қызы гомосексуал екенін мойындады
24 сағат бойы телефоннан көз алмаған бойжеткен соқыр болып қалды
Талқылау