39 жастағы Дильназ Ахмадиева тұңғышына жүкті
Отыз тоғыз жастағы қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева алғаш рет ана болуға дайындалып жүр.
Әншінің бұл жаңалығы интернетте видео пайда болғаннан кейін белгілі болды.
Видео Instagram-дағы uksastyk тобында жарияланды.
Айта кетейік, кадрға Дильназ Ахмадиевадан басқа, жүкті әншілер енген. Атап айтсақ, актер, әзілкеш Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева, әнші Ғалия Маратқызы мен Аша Матай.
«Қараңызшы, біздің Дилечек, Дана, Ғалия әйелдеріміз қандай әдемі. Олар керемет күнді күтіп жүр. Сондықтан мен құпияны аштым. Жұгысты болсын», - деді сахна артында продюсер Баян Алагөзова.
Болашақ аналардың суретін әнші Ғалия Маратқызы өзінің Instagram парақшасында да жариялады.
Бұған дейін Дильназ Ахмадиева музыкант Әзілхан Сейітбаевқа тұрмысқа шыққанын хабарлаған еді.
Тағы оқыңыз
Талқылау