Ризабек Айтмұхан Албаниядағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді
Жақында ғана екі дүркін әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан 23 жасқа дейінгілер арасында Албанияда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК
Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан бастаған еркін күрестен Қазақстан құрамасы Албанияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды. 8-23 қазан аралығында өтетін байрақты бәсеке ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз:
57 келі. Алан Оралбек
61 келі. Әділет Әлмұхамедов
65 келі. Бекзат Ермекбай
70 келі. Ернұр Нұрғазы
74 келі. Әлі анықталу үстінде
79 келі. Жеңіс Қаныбеков
86 келі. Нұржан Исағалиев
92 келі. Бекзат Аманғалиев
97 келі. Ризабек Айтмұхан
125 келі. Омархан Надиров
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем біріншілігінде қарсылас шақ келтірмей, топ жарған еді.
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады
"22 жыл жүрген көлік – 5 миллион теңге": Қазақстанда ескі автомобильдер неге қымбатқа сатылады
Неліктен ескі көліктердің бағасы жаңа бюджеттік автомобильдермен шамалас?

