Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"36 320 теңге": Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, əнші, қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/onerbay_nurlan/

Өнер иесі пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, көпшілікке ой бөлісті. 

“Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Бір айыппұл түрін халық өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын", – деп жазды әнші. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің ұсынысын қолдайтындарын жеткізді. 

“Өте дұрыс бастама”, “Астана мен Солтүстіктегі орыс болып кеткен қазақтар әліппе жаттасыншы", "Аз ғой, 1 миллион теңге салынсын", "Әп бәрекелді", "Келісемін", "Толық келісемін. Өз тілімізді өзіміз құрметтемей шүлдірлеп кеттік", "Орынды ұсыныс", – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, 2024 жылы қазақстандықтар рекордтық мөлшерде айыппұл төлегенін жазған едік. 

Талқылау