“3500 теңге не үшін керек”: Қорғаныс министрлігі сарбаздарға берілетін ай сайынғы төлемге қатысты жауап берді
Қорғаныс министрлігі сарбаздарға берілетін ай сайынғы төлемнің көлеміне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин журналистердің сарбаздарға берілетін ай сайынғы 3,5 мың теңгелік төлемге қатысты сұрағына жауап берді.
"Сарбаздар демалысқа шыққанда немесе бөлім аумағындағы шайханаға немесе дүкенге барып, тәтті сатып ала алады", – дейді Руслан Жангулин.
Министрлік өкілінің айтуынша, сарбаздар қалған қажеттіктің барлығымен – киім-кешекпен, үш мезгіл тамақпен, жатын орынмен, гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген.
Ал 3,5 мың теңгеге не сатып алуға болады деген сұраққа министрлік өкілі жауынгердің негізгі міндеті – жауынгерлік дайындықтың негізгі элементтерін меңгеру және қолында қару ұстау деп жауап берген.
Еске салсақ, бұған дейін депутат елімізде әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейін сынға алған еді.