Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

34 химиотерапиядан соң: 8 жасар бүлдіршін обыр дертін жеңіп шықты (фото)

Медицина дамыған заманда қатерлі дертті жеңіп шығуға мүмкіндік бар. Алайда мамандардың айтуынша, ісікпен күресуде жалғыз медициның күші қауқарсыз. Ауруға душар болған адам салын суға түсірмей, күресе білуі керек. Бүгінгі кейіпкеріміз Салим Рахманов осы күрескер жандардың қатарында, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Небәрі 8 жасар Салим төрт жылдан бері қатерлі ісікпен күресіп келеді. Осы уақыт аралығында ол бүйрегінен, өкпесінің бір бөлігінен айырылып қалған. Бұған қоса, оның сүйек кемігі ауыстырылып, 34 химиотерапияны бастан кешірген. Бұл туралы “Дом” қайырымдылық қорының директоры, қоғам белсендісі Аружан Саин айтып берді.

“Жанымдағы баланың есімі – Рахманов Салим. Тағдыры ерекше алайда қатарластары секілді қарапайым бала. Бас-аяғы 8 жылдық өмірінің 4 жылы Вильмс ісігімен күресумен өтті, осы уақыт аралығында ол 34 химиотерапия курсын қабылдап, бүйрегінен, өкпесінің бір бөлігінен айырылды, оның сүйек кемігі ауыстырылды. Тіпті, тәжірибелі онкологтар үміт үзгенде ол ауруға қарсы тұрды. Өмірге деген құштарлығының, анасы мен ағасының махаббатының және сіздердің қолдауларыңыздың арқасында ауруды жеңді”, – деген Аружан қайырымдылық қорына ақша аударып, баланың айығып кетуіне тамшыдай болса үлесін қосқан жандарға ризашылығын білдірді.

“Салимге өмір сыйлағандарыңыз үшін рақмет”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Жіберіп алмаңыз:

2018 жылдан бастап көп балалылар мен аз қамтылған отбасылардың бәрі бірдей жәрдемақы ала алмайды

Баршаға бірдей босанғанда төленетін бір реттік жәрдемақы қанша

Көкшетауда мердігер бір пәтерді екі адамға сатқан

Аружан Саин: Шешініп әдемі билеудің өзі үлкен өнер

Талқылау