Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

33 жыл бұрын жұбайын тастаған азамат қатаң жазаланды

Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) қаласының соты 1983 жылы жұбайын тастап кеткен азаматты айыпты деп тауып, әйелінің жалғыздықта өткізген 33 жылы үшін өтемақы төлеуі тиіс деген шешім шығарды.

Muslim-Wedding_16

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Айыпталушы осыдан 33 жыл бұрын ұлы дүниеге келе салысымен оларды тастап кеткен көрінеді.

«Күйеуі отбасына 1983 жылдан бастап ешқандай қаржылық жәрдем көрсетпеген. Хабар-ошарсыз кеткен күйеуін тапқан жұбайы енді одан жалғыздықпен өткізген жылдарының қаржылай өтемақысын талап етіп отыр.

Азаматша сот отырысына күйеуінің 33 жыл бұрын тастап кеткенін, өзінің осы жылдар ішіндей ешқандай қаржылай жәрдем алмағанын растайтын екі куәгер ертіп келген», – делінген хабарламада.

Сот айыпталушының айлық жалақысы 80 000 риал екенін ескере отырып,  әйеліне 1,53 млн риал өтемақы (400 000 доллар) төлеуге міндеттеген. Ал, әкесіз өскен ұлына 1.34 млн риал төлеуі тиіс.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғали Төреәлі халыққа заңды жұбайын көрсетті (фото)

Әбілязовтың жұбайын ұрлау ісі бойынша Италия прокуратурасының күдігіне 8 адам іліккен

Жапониялық жас жұбайлар үйлену тойына Роналдудың жейдесін киіп шықты

Талқылау