Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

33 жастағы әйел салмағы ең үлкен егіздерді дүниеге әкелді

Ұлыбританияда мемлекет тарихындағы ең ауыр егіздер дүниеге келді. Егіз нәрестелердің жалпы салмағы 7 килограммнан асады. Босану кезінде акушерлер егіздердің үлкендігі мен салмағына таңданған.

 

Егіздердің жалпы салмағы 7,25 килограммды құраған. Дүниеге бірінші келген Джозеф есімді ұл баланың салмағы 4 кг, ал бауыры Люктің салмағы 3,3 кг болған. Олар Англия тарихындағы ең ауыр егіздер ретінде тіркелген. Әдетте егіздердің жалпы салмағы 5 кг-нан аспайды.

«Дәрігерлер егіздердің әрқайсысының салмағы 2 немесе 2,5 кг болады деп күткен. Бірақ менің балаларымның дүниеге келуі олар үшін тосын жағдай болды. Мен босанып жатқанда дәрігерлердің таңданған дауыстарын естіп жаттым. Сол үшін қобалжыған едім», – дейді егіздердің анасы Фэй Гардинер.

Егіздердің денсаулығында кінәрат жоқ. Аналарының сөзінше, екеуінің де тәбеті жақсы. Сәбилердің ата-анасы өздерін бақытты сезінетінін және балаларының салмағы жайлы әңгімеге көбінің сенбегенін айтты.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар жылқылардың адамды қимыл-қозғалысынан түсінетінін анықтады

Үндістан тұрғыны 600-ден аса шеге жұтып қойған (видео)

Алғашқы кездесудің өзінде өмірлік жарыңызды тануға көмектесетін 3 сұрақ

Ұры терезеде кептеліп қалып, 2 сағат бойы көмек сұраған (фото)

Талқылау