Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғашқы кездесудің өзінде өмірлік жарыңызды тануға көмектесетін 3 сұрақ

Сүйіктіңізді жолықтыра алмай жүрсіз бе? Онда алғашқы кездесудің өзінде шын сүйгеніңізді тануға көмектесетін 3 түрлі сұрақ ұсынамыз.

Алғашқыда біртүрлі көрінетін сұрақтардың қарым-қатынасыңызды жоспарлауда әсері мол. Ғашықтардың пікірі төмендегі тармақтардың үшеуінде де сәйкес келуі тиіс.

 1. Қорқынышты фильмдерге деген көзқарасыңыз қандай?

Қорқынышты фильмдер – бірден бірнеше мәселені анықтауға мүмкіндік беретін таптырмас дүние. Яғни ол арқылы жұбыңыздың жүйкесін қоздырудың қандай әдістеріне қарсы еместігін, қандай тақырыптардан тыйылатынын және қалай көңіл көтеретінін аңғара аласыз.  Өзіңіз жындар мен зомбилерден қорықсаңыз, аталғандар қатысатын фильмдерді сүйіп көретін адаммен бір шаңырақ астында тұра аласыз ба?

2. Теңіз жағасына көшіп барар ма едіңіз?

Бұл сұрақ ғашықтардың жайлылылққа деген көзқарасын анықтауға көмектеседі. Бәз біреуге өмір сүру үшін баспана мен тамақ қана жеткілікті. Ал серігінің талаптары әлдеқайда жоғары. Мұндай көзқарастар тоғысқанда, бірге өмір сүру мүмкін бе? Тағы да ойлантады.

3. Сүйікті әншіңіздің концертін жалғыз тамашалауға келісесіз бе?

Бұл әдіс екеуіңіздің еркіндікті сезіну, өз бетінше өмір сүру деңгейіңіздің, әлеуметтік қарым-қатынасыңыздың қаншалықты сәйкес келетінін анықтайды. Қоғаммен байланыс деңгейі әртүрлі адамдар сирек тіл табысады. Себебі бір-бірінің қажеттіліктерін түсінбейді. Біреуіне күнделікті достарымен кездесу ауадай қажет болса, екіншісі үшін жылына бір рет қоңырау шалу жеткілікті.

Оқи отырыңыз:

Ұры терезеде кептеліп қалып, 2 сағат бойы көмек сұраған (фото)

Стивен Хокинг болашақтағы жаңа жұмыс түрлерінің адамзатты жоюға дейін баратынын ескертті

Америкалық ғалымдар міні жоқ «идеалды» әйел бетін анықтады

Заңгер жыртық джинсы киетін қыздарды зорлауға шақырды

Талқылау