Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"+32°С-қа дейін жылиды": Еліміз бойынша сәуір айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" мамандары еліміздегі сәуір айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша, кей өңірлерде әлі де қар аралас жаңбыр жауса, кей өңірде + 32°С-қа дейін жылиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің айтуынша, сәуір айында ел аймақтары жыли бастайды. Қазақстанның солтүстігінде ауаның орташа тәуліктік температурасының 0°С-қа жетеді. Ал елдің оңтүстігінде +10°С-тан жоғарылайды.

"Сәуірдің бірінші онкүндігінде елдің солтүстік жартысында түнде жауын-шашын болады. Қар аралас жаңбыр, көктайғақ, күндіз нөсер жауын, оңтүстік өңірлерде найзағай болады деп болжанып отыр. Бұл ретте республика бойынша жел 15-20 м/с күшейеді. Ал түнде және таңертең тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында. 

Сәуір айында: 

  • елдің батысында түнде +8 +13°С-тан -3 +8°С-қа дейін, күндіз +18 +25°С-тан +11 +16°С-қа дейін, оңтүстік-батыста күндіз ауа + 20 + 28°С-қа дейін;
  • солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -5 +5°С-тан +3 +8°С-қа дейін, күндіз +8 +13°С-тан +15 +22°С-қа дейін;
  • республиканың оңтүстігінде түнде +2 +10°С-тан +10 +15°С-қа дейін, күндіз +18 +25°С-тан +25+ 30°С-қа дейін.
  • республиканың оңтүстік-шығысында түнде -5 +5°С-тан +7 +12°С-қа дейін, күндіз +12 +20°С-тан +18 +27°С-қа дейін жылынады.

Сәуірдің екінші онкүндігінде елдің солтүстік жартысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып отыр. Ал үшінші онкүндікте нөсер жаңбыр жауады.



Елдің көп бөлігінде ауа температурасы түнде +5 +13°С-тан -3 +5°С-қа дейін, күндіз +15 +25°С-тан +8 +13°С-қа дейін ауытқиды.

Оңтүстік өңірлерде және республиканың батысында күндіз ауа +23 +32°С-қа дейін жылиды. Дегенмен +10 +18°С температуралық фондағы салқын күндер де болады. 

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 01 Сәуір, 2025 13:29
Талқылау