32 жастағы қырғызстанның даңқты балуаны жуырда алғаш рет ана атанбақ
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Қырғызсытанның даңқты балуаны, әйелдер күресінің аңызы Айсұлу Тыныбекова жақында ана атанбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айсұлу Тыныбекова 2025 жылдың басында Бақберген Аттокуров аты өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан еді.
Ол Париж Олимпиадасынан кейін Қырғызстанда әйелдер күресінің вице-президенті қызметіне тағайындалған.
32 жастағы спортшы 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.
Айта кетейік, Айсұлу Тыныбекова 2020 жылғы Токио Олимпиадасында күміс, 2024 жылы Париж Олимпиадасында қола медаль еншілеген. Париждегі додада ол қола үшін тартыста азулы моңғол қызынан соңғы сәтте, жеңісті жұлып алған еді.
Бір жыл бұрын көкпарды алып тастаған Қырғызстан көшпенділер ойындарына көкпарды қайта қосты
Сондай-ақ үш дүркін әлем чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Азия чемпионатыда 6 рет мәрте топ жарған қырғыз елінің жарық жұлдызы.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты