300 мыңнан астам қазақстандық микроқаржы ұйымдарына 71 миллиард теңгеден аса артық төлем жасаған
Фото: Қаржы мониторингі агенттігі
Қаржы мониторингі агенттігі биыл заңсыз микроқаржы ұйымдары қызметін тоқтатып, 300 мыңнан астам азамат зардап шеккенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, мұндай ұйымдар заңды несиелеу түрінде қызмет көрсеткенімен, шын мәнінде қарыз алушыларға түрлі қосымша төлемдер мен пайыздарды, сақтандыру жарналарын міндеттеп жүктейді. Бұл әдістер арқылы олар сыйақы мөлшерлемесіне қатысты заңмен белгіленген шектеулерді айналып өтеді.
Осылайша азаматтар өзіне жүктелген қарызды бірнеше есе көп процентпен төлеуге мәжбүр болып, қаржылық қиындыққа тап болады. 2025 жылдың басынан бері Агенттік 5 заңсыз микроқаржы ұйымының қызметін тоқтатты. Бұл ұйымдардан 300 мыңнан астам азамат зардап шеккен, олардың жалпы артық төлем сомасы 71 млрд теңгеден асқан.
"Қарыз алмас бұрын, оның барлық шарттарын мұқият оқып, түсініп алыңыз. Әрбір азаматтың не үшін төлем жасап жатқанын білуге толық құқығы бар. Заңды МҚҰ (микроқаржы ұйымдары) "Тексерусіз" және "барлығына беріледі" деген уәделермен жұмыс істемейді", – делінген агенттік хабарламасында.
Кей қазақстандықтардың несиесі кешірілмек: Ол үшін жаңа ережеге сәйкес не істеу керек
Микронесиесі көп қазақстандықтар қарыздарын біріктіруге мүмкіндік алмақ
Еске салайық, бұған дейін алаяқтық жасады деп айыпталған бірнеше микроқаржылық ұйымдардың лицензиясы тоқтатылды. Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын келесі ұйымдардың лицензияларын 3 ай мерзімге тоқтатты. Олар МҚҰ "Hava Finance" (Хава Финанс)" ЖШС, "МҚҰ "POS Credit" (ПОС Кредит)" ЖШС, "МҚҰ "SF Offline" (СФ Оффлайн)" ЖШС, "МҚҰ "Салем Кредит" ЖШС. Енді микроқаржылық ұйымдар жаңа микрокредиттер бере алмайды, қолданыстағы шарттардың мерзімін ұзарта алмайды немесе борышкерлерге жүктемені арттыра алмайды. Алайда олар клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін орындауға міндетті. Агенттік микроқаржылық ұйымдар алдында берешегі бар азаматтардың микрокредиттерін өтеуді жалғастыруы тиіс екені атап өтті.

Қазақстандық студенттер оқу ақысының негізсіз қымбаттағанына наразы: ЖОО-лар келесі оқу жылына бағаны қаншаға өсірді
