“300 мың теңге беремін”: Алматыда ер адам 13 жастағы қызға тиіскен (видео)

Алматыда 13 жастағы жасөспірім қызға тиіскен ер адамның видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видео Алматыдағы №50 мектеп маңында түсірілген. Ер адам алдымен жасөспірім қызға өзімен бірге таксиге мінуді ұсынады. Қыз келіспеген соң 100 000 теңге беретінін, кейін 300 000 теңге беретінін айтады.
Алматы қалалық полиция департаменті ер адамның ұсталғанын мәлімдеді.
“Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды”, - делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда егде жастағы ер адам қызға ақшаға интим ұсынып тиіскені туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды