"300 келі марихуана сақтаған": Ұлытау облысында есірткі тасымалдаған 5 адам ұсталды

Ұлытау облысында есірткі тасымалдаған топ ұсталды. Олардан 300 келіден астам марихуана табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Топ есірткі тасымалын елдің оңтүстік аймағынан ұйымдастырған. Полицейлер Жезқазған – Қарағанды автожолында бес адамды ұстады.
Күдіктілер есірткі жеткізу маршрутын бақылап отырған. Көлікті тексеру барысында 13 пакет тәркіленіп, оның ішінен 300 келіден астам марихуана табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген есірткі шамамен миллионға жуық бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны үш миллион АҚШ долларына (1,5 миллиард теңгеге) жетеді.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі есірткіні өндіру мен таратуға қатысты кез келген заңсыз әрекеттің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі